Түркістан облысының “Білім беруді дамыту орталығы” ұйымдастырған “KitapXAН” кітап оқу сайысының педагогтарға арналған 39- топтық шығарылымында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Исмайлова Шахиста апталық кезеңде Бейсен Құранбектің “Бейсен және болмыс” кітабын қорғап, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Айлық кезеңде сәттілік тілейміз.
Кітап оқу жобасы педагогтардың білім деңгейін, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейтетін маңызды жоба болып табылады. Кітап оқудың маңызы мен оған деген сүйіспеншілікті арттыру оқушылардың жалпы интеллектуалды дамуына ықпал етеді.
Добавить комментарий