+7 (7253) 34-66-50
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Аша ауылы, А.Байтурсынов көшесі, №3

МЕКТЕП ТАРИХЫ

    Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі 1928 жылдан бастап жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие  беріп келеді. 1929 жылы  М.В Фрунзе  атындағы бастауыш мектеп  болып аталды. 1931-1932 оқу жылы   бес кластың оқушы саны 150-ге жетті. Ұзамай жеті жылдық  мектепке айналды. 1939 жылы  орталығы Шорнақ селосы болып Фрунзе ауданы  құрылды. Аудан  құрылуына  байланысты   қазақ -өзбек   аралас орта мектепке   айналды. Сол жылдардағы  оқушы саны 320-ға жетті. 1959-1961 жылы селода жаңадан №5 мектеп-интернаты  ашылуына байланысты мектеп М.Горький елді мекеніне  көшірілді. 2007 жылдан бастап бұл Аша елді мекені  болып аталды. Осы елді мекенге   ыңғайластырылып  1951 жылы мектеп салынды   Алғашқы  4 жыл бастауыш, содан соң     7 жылдық,  1960 жылы қайтадан  М.В. Фрунзе  орта мектебі болып аталды.

Белгілі ғалым, «Үзілмеген үміт» кітабының авторы Т.Айтжанов мақсат, мұраты және ауылы жайлы:

Оқыдым Мәскеу бардым, Париж бардым,

Шамамның келгенінше білім алдым.

Бірінші диссертация қорғап алдым

Сөзімді тағы бұрдым Түркістанға,

Жеріме өсіп-өнген Гүлстанға.

Келеді мақтай бергім сөзім жетсе,

Мақтар едім жарасам ұзақ таңға…

Туған жерім Атаның сайы екен.

Бұрынғы ата жұрттың жайы екен.

Ағайын, туыс, жекжат бәрі сыйған,

Болыпты малға жайлы көркем мекен.

Алғыс айтам Фрунзе мектебіне(Т.Айтжанов мектебі)

Куәсі ол табысқа жеткеніме,

Өзімнің жер жетпейді Шорнағыма!

           Қазақстан Республкасы Үкіметінің 2001 жылы 24 шілдеде  №  1000 қаулысымен Шорнақ ауылдық округіндегі бұрынғы Фрунзе мектебіне  Тұрсынхан Айтжанов есімі берілді.

        Айтжанов Тұрсынхан Айтжанұлы 1933 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Фрунзе ауданы, Аша ауылында өмірге келген. Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының үздік студенті атанды. 1955 жылы интитутты үздік бітіріп, ауылға оралды. Жас ұстазға сол жылы Астанадан шақыру келіп, Алматыға (Астана болатын) аттанды. Мәскеу қаласында диссертация қорғады. Лингвист – ғалым тынбай ізденудің арқасында Франция мемлекетінің ғалымдарына берілетін « Академиялық пальма» орденінің тұңғыш иегері атанды. Айтжанов Тұрсынхан Айтжанұлы өмірінің соңғы минутына дейін жастарды тәрбиелеуде, ғылым жолын меңгертуде тынбай еңбек етті.