+7 (7253) 34-66-50
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Аша ауылы, А.Байтурсынов көшесі, №3

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫМЕН ТЕЛЕКӨПІР САБАҚТАРЫ ӨТТІ.

🇰🇿Білім бөліміне қарасты Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары апта бойы қазақ тілі сабақтарында олимпиада чемпиондарымен телекөпір сабақтарын өткізді.

Сабақтың мақсаты:

✅Олимпиада чемпиондарының өмірі мен жетістіктері арқылы оқушыларға серпіліс беру.

✅Олимпиада ойындарының тарихын, маңызын және Олимпиада чемпиондарының табыстарына жету жолында қандай қасиеттер мен еңбекқорлық қажеттігін түсіндіру.

✅Оқушыларды спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықты сақтау және спортпен айналысу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.

✅Олимпиада чемпиондарынан үлгі алу арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға деген құлшынысын арттыру.

✅ Оқушыларға сұрақ қою және ой бөлісу арқылы өзіндік пікір қалыптастыруға мүмкіндік беру.

🇰🇿 Оқушылар қазақтың тұңғыш олимпиала чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың ұлдарымен, Ж.Үшкемпіров жайлы балалар “Біртуар” романын жазған Сәуле Досжанмен, Сидней Олимпиадасының чемпиондары Ермахан Ибраймов, Болат Жұмадиловтермен сұхбатасып, өмір жолы мен жетістіктері туралы түсінік алып, өздерінің спортқа деген қызығушылығын арттырды.

🇰🇿Олимпиада ойындарының маңызын түсініп, жеңіске жету үшін қажырлы еңбек пен табандылықтың маңыздылығын сезінді.

🇰🇿Оқушылар Олимпиада чемпиондарынан үлгі алып, олар сияқты өз мақсаттарына жету үшін еңбек етуге және спортпен айналысуға ынталанды.

🇰🇿 Оқушылардың әлеуметтік-эмоционалды дағдылары дамиды, олар сұрақ қою, пікір білдіру арқылы өз ойларын жеткізе алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *