Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Назарыңды бізге бұршы,ата-ана!” тақырыбында жиналыс өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың білім алуында ата-аналардың ролін түсіндіру және олардың мектеппен өзара әрекеттесуін күшейту.
Ата-аналарды білім беру саласындағы жаңалықтармен таныстыру.
Мектептегі өзгерістер мен жаңалықтар, оқу бағдарламасы, тәрбие жұмыстары, мектептің жетістіктері мен мәселелері туралы ақпарат беру.
Оқушылардың тәртібі, оқу үлгерімі, әлеуметтік дамуы, психологиялық жағдайы мен ата-аналардың оларды қолдауы туралы пікір алмасу.
Ата-аналарға балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасау, тиімді тәрбие әдістері мен психологиялық кеңестер беру.
Оқушылардың болашағы үшін ата-аналар мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығын насихаттау.
Сынып жетекшілер ата-аналарға ақтан дәм тату мақсатында қазақтың дәм тату дәстүрін көрсете отырып, ата-аналармен “Аялы алақан” , “Кім жылдам” жаттығуларын жасады. Жиналысқа келген ата-аналар өз ойларымен бөлісті,осылайша өткізген ата-аналар жиналысымыз – оқу процесіне белсене араласу, балалардың дамуы мен білім алуына байланысты шешімдер қабылдауға көмектесу үшін маңызды алаң болып табылады.
Добавить комментарий