Мәнерлеп оқудағы басты мақсат – тыңдаушыға шығарманың рухын, идеялық мазмұнын, авторлық көңіл күйін терең әрі әсем түрде жеткізу .
Мәнерлеп оқу – көркем шығармаларды (поэзия, проза, драма) дауыс мәнері, интонация және сезім арқылы тыңдаушыға әсерлі жеткізу өнері. Бұл шеберлік оқушының мәтін мазмұнын түсініп, оның мағынасына сай дауыс ырғағын, кідірістер мен екпінді дұрыс қоюына, сезімдік реңктерді жеткізуіне негізделеді. Өзбек тілі бірлестігінің жоспарына сай 8 –сынып оқушыларымен өзбек ақыны Х.Олимжон өлеңдерін жаттан оқу бойынша « Назм гулшанида » тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Х.Олимжон өлеңдерін оқу үшін негізгі қағидалар:
1. Түсінікпен оқу: Өлеңнің мазмұнын терең түсіну және оның негізгі идеясын жеткізу.
2. Дауыс ырғағы: Ақындың ішкі сезімін дауыс интонациясы арқылы жеткізу.
3. Эмоция: Өлеңде берілген сезімдерді (сүйіспеншілік, ризашылық, ұлттық мақтаныш) жүректен өткізіп, тыңдаушыға әсер ету.
4. Екпін және пауза: Әр жолдың маңызын айқындау үшін екпін мен үзілістерді дұрыс қою.
8 «В» сынып оқушысы Ботир А І орынға ;Бабажанова Д , Рахматулла Д II орынға ие болды. Қатысқан оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Мұндай өлеңдерді оқу арқылы оқушылар ана тіліне деген құрметін арттырып, тыңдаушыларды оны сүюге және бағалауға шақырады.
Добавить комментарий