“Пәндерді оқытуда цифрлық технологияның тиімділігі” тақырыбында өткізілген информатика апталығында Тоқбердиева Гүлайна Курбаналиевна 6-сыныпқа “Сандарды енгізу және шығару” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сандарды енгізу әдісін түсіндіру.Санды енгізу үшін қолданылатын командалар мен операцияларды үйрету. Оқушыларды санды енгізу принциптерімен таныстыру. “Input” операторы мен оның түрлерін көрсету. Оқушылардың бағдарламалық құрылымдарды дұрыс қолдана білуін қамтамасыз ету.Оқушылардың есептеу дағдыларын арттыру.
Оқушылар санды енгізу әдістерін дұрыс қолдана алды.Input,print,split,map list separate, end=/ функцияларын меңгерді.
Бағдарламалаудағы негізгі командаларды меңгерді. Оқушылар бағдарламалық құрылымдар мен операторларды практикалық түрде пайдалана алды.
Добавить комментарий