+7 (7253) 34-66-50
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Аша ауылы, А.Байтурсынов көшесі, №3

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

💠2025 жылдың 18-19 ақпан күндері Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі тірек мектептер мен серіктес мектептердің мұғалімдеріне екі күндік педагогикалық практика өтті.

💠Назарбаев зияткерлік мектептерінде педагогикалық практика өткізу – бұл білім беру жүйесінде маңызды тәжірибелік кезең болып табылады. Назарбаев мектебінде өтетін педагогикалық практика мұғалімдер үшін пайдалы және маңызды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Педагогикалық практиканың мақсаттары:

💠Назарбаев мектебіндегі педагогтар мен оқытушылардың әдістемелік жұмысын, сабақ өткізу тәсілдерін зерттеу. Бұл болашақ мұғалімдерге өздерінің сабақ беру әдістерін жетілдіруге көмектеседі.

💠Оқушылармен әртүрлі деңгейде жұмыс жасау, оларға түсінікті және қызықты әдістермен білім беру. Оқушылардың түрлі мұқтаждықтарын ескере отырып, педагогикалық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруды үйрену.

💠Педагогикалық практика барысында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері бірінші күні Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің сабақтарын бақылап, семинар мен тренингтерге қатысты, екінші күні ашық сабақтар өткізіп және рефлексия жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *