Мектебімізде “Жас математиктер клубы” жобасы аясында барлық 7-сыныптар арасында дарынды оқушылармен математика пәнінен Диметова Насиба сайыс сабақ өткізді.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру және пәнге деген қызығушылығын ояту.
Оқушыларға тапсырмалар жеке және топтық форматта ұсынылды. Натурал көрсеткішті дәреже, функция, қысқаша көбейту формулалары тақырыптары бойынша есептер және логикалық тапсырмалар берілді.
Бірінші кезеңде оқушыларға жеке тапсырмалар беріліп, олардың логикалық және аналитикалық ойлау дағдылары тексерілді.
Екінші кезеңде топтық жарыс ұйымдастырылып, әр команда бірлесе отырып күрделі есептерді шешті.
Үшінші кезеңде “Жасырын есеп” ойыны өткізілді, онда оқушылар логикалық сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы ұпай жинады.
Бұл сайыс оқушылардың білімін шыңдап қана қоймай, оларды ынталандырудың тиімді тәсілі болды.
Добавить комментарий